Астана қаласында сарапшылар мен жас белсенділердің қатысуымен «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалиция «Конституцияға енгізілген өзгерістер аясында жастардың мемлекеттік басқаруға қатысу мәселелері» тақырыбындағы кездесу өтті.
Жиында ашқан ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Ауыл» фракциясы аппаратының басшысы Жазира Сұлтанқұлова Конституцияның жобасын талқылауда өзара пікір алмасулардың маңызына тоқталды.
«AMANAT» партиясының Астана қаласы Сарыарқа аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Талғат Тілес демократиялық институттарды дамыту тек заңдарды жетілдіру емес, қоғам мүшелерінің өз ойын еркін білдіруіне жағдай жасау екенін жеткізді.
Саясаттанушы Еламан Елемес қоғам белсенділігінің реформаның табысты болуы үшін шешуші рөл атқаратынын және азаматтық бірлестіктер мен сарапшылардың қатысуы халық мүддесін нақты көрсетуге мүмкіндік беретінін атап көрсетті.
Сонымен қатар жиынға жалпыұлттық коалицияның мүшелері Абай Барманқұлов пен Айдын Әшімханов та қатысып, өз пікірлерін білдірді. Баяндамалардан кейін қарастырылып отырған тақырып бойынша пікір алмасуға бағытталған талқылау сессиясы өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар жаңа Конституция – қауіпсіз, әділетті және тұрақты дамитын мемлекеттің берік іргетасын қалауға мүмкіндік беретін стратегиялық таңдау деген ортақ тұжырымға келді.
