Қаз
Жетісу жастары Жаңа Конституция жобасын қолдауға бағытталған флешмобқа қатысты

Жетісу облысының Талдықорған қаласында Жастар спорт сарайында «START: Жетісу жастары – таңдау уақыты!» атты ауқымды флешмоб өтті. Оған 5000 жас азамат қатысты: оның шамамен 1500-і онлайн-режимде қосылды. Бұл алаң бірлік пен белсенді азаматтық ұстанымның, сондай-ақ жас ұрпақтың ел болашағына саналы қатынасының символына айналды.

Іс-шараның мақсаты – Жаңа Конституция жобасының мазмұнын түсіндіру және жастардың азаматтық жауапкершілігін нығайту. Флешмоб барысында әр адамның жеке таңдауы арқылы әділ әрі прогрессивті Қазақстанның қалыптасуына үлес қосу идеясына ерекше назар аударылды. Қатысушылар маңызды әлеуметтік-саяси процестерден тыс қалмай, белсенділік танытуға дайын екендіктерін жеткізді.

Флешмобқа Мәжіліс депутаттары, «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалиция мүшелері Болат Керімбек пен Анас Баққожаев, сондай-ақ өңірлік коалиция мүшесі, облыс мәслихатының төрағасы Гүлнәр Тойлыбаева қатысты.

Мәжіліс депутаты, Жалпыұлттық коалиция мүшесі Болат Керімбек ел болашағын қалыптастыру және жас ұрпаққа берілетін мүмкіндіктерді кеңейту жолындағы Жаңа Ата Заңның рөлі ерекше екенін айта отырып, жастарға үндеу жасады.

«Жаңа Конституция – азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтетін және мемлекеттің тұрақты дамуы үшін берік негіз қалыптастыратын маңызды құжат. Бүгінгі жастардың белсенділігі – оң өзгерістердің басты қозғаушы күші. Референдумға қатысу – тек азаматтық борыш емес, өздеріңіз өмір сүретін және мүмкіндіктеріңізді жүзеге асыратын болашақты қалыптастыру жолындағы саналы қадам», – деді депутат.

Флешмоб ұйымдастырушылары – Жетісу жастары, «Жастар Рухы» белсенділері, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, Студенттер альянсы және волонтерлер. Бірлік, серіктестік және белсенділік іс-шараның басты ерекшелігіне айналып, жастардың ел үшін стратегиялық маңызды шешімдерге қатысуға дайын екендігін көрсетті.

Кеш концерттік бағдарламамен қорытындыланды. Танымал эстрада орындаушыларының әуезді әндері, динамикалық шоу және креативті формат іс-шараға ерекше атмосфера беріп, әр қатысушының жеке таңдауының маңыздылығын айқындады.

Жаңалықтар көбірек:
Жаңа Конституция мемлекеттің гүлденуіне және азаматтардың өзін дамытуына қажет жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
8
Референдум-2026: Әрбір азаматтың белсенді ұстанымы маңызды
13
Бұл – халықтың көп жылы бойы көтеріп келген сұранысына жауап
8
Еңбек ұжымдарымен ашық диалог: Шымкентте Конституция жобасы талқыланды
4
Референдум-2026: Шымкентте коалиция мүшелері ашық диалог өткізді
4
Жетісу жастары Жаңа Конституция жобасын қолдауға бағытталған флешмобқа қатысты
14
Конституция жобасы еңбек адамының құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін нығайтады
21
Референдум: Жұмысшы мамандардың белсенді ұстанымы маңызды
23
Абай облысында Коалиция мүшелері ардагерлермен кездесті
42
Джордж Ацалакис: Қазақстан Орталық Азиядағы қуатты әрі өркендеген мемлекетке айналмақ
33