«КазТрансОйл» АҚ ғимаратында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының өкілдері компания ұжымымен кездесті. Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналды.
Кездесуді «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Арман Касенов ашты. Ол компанияның магистральдық мұнай құбырлары бойынша ұлттық оператор ретіндегі стратегиялық рөлін атап өтіп, мұнайды отандық өңдеу зауыттарына жеткізу, экспорттық бағыттар мен халықаралық транзитті қамтамасыз етудегі маңызын айрықша айтты. Бүгінде компанияда 13 мыңнан астам білікті маман еңбек етеді. Олардың күнделікті еңбегі ел экономикасының маңызды тірегі болып саналады.
«Преамбулада жарияланған «Заң және Тәртіп» қағидаты – тұрақтылықтың негізі. Ірі өндірістік компания ретінде біз бұл ұстанымды толық қолдаймыз. Өйткені тек орнықты мемлекетте ғана азаматтардың әл-ауқаты артып, экономика қарқынды дамиды», – конституциялық өзгерістердің маңызын атап өтіп Арман Касенов өз сөзінде.
Сондай-ақ ол экологиялық жауапкершілік қағидаттарын және ғылым мен инновацияны конституциялық деңгейде бекіту энергетика саласының технологиялық дамуына қосымша мүмкіндіктер беретінін, ESG тәсілдерін ескере отырып, орнықты дамуға жол ашатынын айтты.
Кездесу барысында «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының Астана қалалық филиалының төрағасы Ерлан Каналимов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Марат Башимов және ҚР Парламенті Сенатының депутаты Геннадий Шиповских сөз сөйледі. Спикерлер жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін жан-жақты түсіндіріп, қызметкерлердің сұрақтарына жауап берді және референдумға қатысудың маңыздылығын атап өтті.
«Референдум арқылы біз Қазақстанның болашағын таңдаймыз: қандай қоғамда өмір сүргіміз келетінін, қандай құндылықтарды қорғауға дайын екенімізді және қай бағытта дамитынымызды айқындаймыз», – деп ел болашағын қалыптастырудағы жастардың рөлін атап өтті Жас мамандар кеңесінің төрағасы Әлішер Құрбанбай.
Ол жас қызметкерлерді азаматтық белсенділік танытып, дауыс беруге қатысуға шақырып, стратегиялық салалардың тұрақтылығы мемлекеттің орнықты дамуы мен жастардың кәсіби мүмкіндіктерімен тікелей байланысты екенін жеткізді.
Кездесу соңында жиын сұрақ-жауап форматында жалғасты. Қорытындылай келе, компания басшылығы «ҚазТрансОйл» АҚ ұжымы елдегі маңызды қоғамдық-саяси үдерістерге әрдайым белсенді қатысып, тұрақтылықты нығайтуға және Қазақстанның одан әрі дамуына бағытталған бастамаларды қолдайтынын атап өтті.

