2026 жылдың 15 наурызында Қазақстанда жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум өтеді. Дауыс беруге тіркелген барлық сайлаушылар қатыса алады.
Маңызды саяси науқанға дайындық аясында ел өңірлерінде онлайн-сервистер, Telegram-боттар мен call-орталықтар жұмысы ұйымдастырылды. Олардың көмегімен азаматтар өздерінің сайлау учаскесінің нөмірі мен мекенжайын біле алады, сондай-ақ сайлаушылар тізімінде бар-жоғын тексере алады.
Астана қаласында ақпаратты referendum.astana.kz ресми сайтынан, @referendum_astana_bot Telegram-боты арқылы және iKomek бірыңғай байланыс орталығының 109 нөмірі арқылы алуға болады.
Алматы қаласында өз учаскеңізді Telegram-бот арқылы немесе iKomek бірыңғай байланыс орталығының 109 нөміріне хабарласу арқылы білуе аласыз.
Қарағанды облысының тұрғындары 109 байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы өз сайлау учаскесі туралы өзекті ақпарат ала алады. Сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша байланыс орталықтарына жүгініп, учаске мекенжайын және тізімдегі деректерін тексеруге мүмкіндік бар.
Павлодар облысында учаске мекенжайын тәулік бойы жұмыс істейтін @PVLSailau_bot Telegram-боты арқылы онлайн тексеруге болады. Сонымен қатар облыс орталығында 8 (7182) 320036 нөмірі бойынша call-орталық жұмыс істейді. Мамандар азаматтарды күн сайын сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін қабылдайды. Қосымша түрде 8 777 252 47 44 нөмірі бойынша WhatsApp қызметі қолжетімді.
Қостанай облысының тұрғындары да өз сайлау учаскесі туралы ақпаратты бірнеше тәсілмен біле алады: https://sailau.ikostanay.kz/ ресми веб-сервисі арқылы, @sailau_kostanay_bot Telegram-ботының көмегімен немесе 1315 бірыңғай call-орталығының нөміріне хабарласуға болады.
Қызылорда облысында referendum.orda.gov.kz сайты жұмыс істейді. Онда ЖСН енгізу арқылы өз учаскеңіз, учаскелік комиссияның мекенжайы және бару бағыты туралы мәлімет алуға болады. Сондай-ақ сервис «Smart Qyzylorda» мобильді қосымшасында және https://t.me/referendumKzo_bot Telegram-ботында қолжетімді. Бұдан бөлек, кеңес алу үшін «109» бірыңғай байланыс қызметі жұмыс істейді.
Шымкент қаласында 109 call-орталығы, аудандық байланыс нөмірлері, @sailau_shymkent_bot Telegram-боты және shm.saylaw.kz сайты қызмет көрсетеді.
Өскемен қаласында учаскені @vote_vko_bot Telegram-боты арқылы немесе қалалық әкімдік телефондары арқылы тексеруге болады.
Маңғыстау облысының тұрғындары man.saylaw.kz сайтын, Telegram-ботты пайдалана алады немесе қала және аудан әкімдіктері жанындағы call-орталықтарға жүгіне алады.
Абай облысында (Семей) 109 call-орталығы, Telegram-бот және қосымша кеңес беру нөмірлері жұмыс істейді.
Сондай-ақ Қазақстанның өзге өңірлерінің тұрғындары жергілікті атқарушы органдарға жүгініп, дауыс берушілер тізіміндегі деректерін нақтылай алады.
Учаскелік комиссиялар референдум күніне дейін кемінде 10 күн бұрын азаматтарды дауыс беру орны мен уақыты туралы жеке хабардар етуді бастайды. Сонымен қатар тіркелуді тексеруге арналған онлайн-сервистер және сайлау учаскесінің мекенжайы бойынша бір күндік тіркелу мүмкіндігі қолжетімді болады.
2026 жылдың 22 ақпаннан бастап қазақстандықтар республикалық референдумға қатысушылар тізіміндегі өз деректерін тексеріп, дауыс беру күні туындауы мүмкін қиындықтардың алдын алу үшін мәліметтердің дұрыстығына алдын ала көз жеткізе алады.



