Қаз
Астанада жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері сараптамалық платформада талқыланды

11 наурыз күні Астанада Парламент депутаттарының, саясаттанушылардың, академиялық қауымдастық өкілдерінің, журналистер мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен «Конституциялық реформа және қоғамдық диалог: келешекке бағдар» атты сараптамалық алаң отырыс өтті.

Қатысушылар жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін және тұрақты мемлекет архитектурасын қалыптастыруға бағытталған институционалдық өзгерістерді талқылады. Қоғамның білімге негізделген дамуы, инновациялар және азаматтардың цифрлық құқықтарын қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Алғашқы панельдік сессия жаңа Конституция институттарына арналды. Сессия модераторы Мәжіліс депутаты Айдос Сарым болды. Пікірталас барысында сарапшылар жаңа Конституция жобасындағы институционалдық өзгерістерді және олардың саяси жүйенің тұрақтылығына ықпалын қарастырды. 

Саясаттанушы Андрей Чеботарев Конституциялық реформаның мемлекеттік жүйенің институционалдық негіздерін нығайтуға бағытталғанын атап өтті.

«Сонымен қатар жаңа Конституция шешім қабылдау үдерісіне қоғамның қатысу тетіктерін кеңейтуді көздейді. Халық Кеңесін, қоғамдық кеңестерді, жергілікті қауымдастықтардың жиындары мен басқосуларын қамтитын қоғамдық диалог пен сараптаманың көпдеңгейлі жүйесі қалыптасуда», – деп өз пікірін білдірді сарапшы.

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі Марат Шибутов жаңа Конституция жобасының азаматтардың саяси өмірге қатысуын қалай кеңейтетіні туралы талдау ұсынды.

«Құрылтайдағы партиялық өкілдіктің кеңеюі және Қазақстан Халық Кеңесінің рөлінің артуы саяси өкілдіктің неғұрлым теңгерімді жүйесін қалыптастырады. Бұл шешім қабылдау процесіне қоғамдық және саяси акторлардың көбірек қатысуына ықпал етіп, саяси жүйенің институционалдық тұрақтылығын нығайтады», – деп атап өтті М. Шибутов.

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Негізгі заң жобасы адам құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін нығайтуға бағытталғанын атап өтті.

«Құжатта жеке тұлғаны қорғаудың бірқатар жаңа тетіктері бекітіледі. Оның ішінде азаматтардың Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндіктерін кеңейту, адвокатураның рөлін күшейту, сондай-ақ халықаралық тәжірибеде қолданылатын «Миранда ережесіне» ұқсас құқықтық нормаларды енгізу қарастырылған. Бұл ереже ұсталған адамдарға олардың құқықтарын міндетті түрде түсіндіруді көздейді», – деп атап өтті А. Құспан. 

Саясаттанушы Талғат Қалиев өз сөзінде Конституциялық реформа тұрақтылығы көбіне жеке тұлғалық факторға сүйенген саяси жүйе моделінен ережелерге, рәсімдерге және өкілеттіктердің теңгеріміне негізделген неғұрлым институционалдық жүйеге көшу үрдісін көрсететінін айтты.

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының президенті Қарлығаш Жаманқұлова жаңа Конституцияның өзегін құндылықтар, соның ішінде қоғамдық диалог пен сөз бостандығы құндылықтары құрайтынын атап өтті.

«Бізде сөз бостандығы бар екенін, цензураға тыйым салынғанын білеміз. Яғни плюрализм кеңістігі қамтамасыз етілген, белгілі бір мәселелерге әртүрлі көзқараспен қарау мүмкіндігі бар. Бұл қоғамдық диалогқа қатысты барлық институттарға да таралады», – деді қоғам белсендісі.

Журналист және сарапшы Нұрбек Матжани сөз бостандығы мен жауапкершілік мәселелеріне тоқталды.

«Жаңа Конституция әр адамның өз көзқарасын еркін білдіру құқығын бекітеді, сонымен қатар азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетін, сондай-ақ жеке өмірін қорғаудың құқықтық тетіктерін де қарастырады», – деп атап өтті сарапшы.

Ол негізгі кепілдіктердің қатарында цензураға тікелей конституциялық тыйым салынуын, сондай-ақ ғылыми, техникалық және көркем шығармашылық еркіндігінің бекітілуін атап өтті.

Білім беру, инновациялар және цифрлық құқықтар мәселелеріне арналған екінші панельдік сессияның модераторы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов болды. Қатысушылар конституциялық реформаның адами капиталды, ғылымды, инновацияларды және цифрлық ортаны дамытуға ықпалын талқылады. 

Сессия барысында саясаттанушы Ғазиз Әбішев жаңа Конституция жобасында мемлекеттің және білім беру жүйесінің зайырлы сипатын бекітудің маңызын атап өтті.

«Бұл ережелер ар-ождан бостандығы мен зайырлы мемлекет қағидаты арасындағы тепе-теңдікті сақтауға, сондай-ақ дінді саясаттандырудың алдын алуға және қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған», – деп атап өтті Ғ. Әбішев.

Maqsut Narikbayev University профессоры Марат Ахмади қазіргі жағдайда адами капиталдың басты стратегиялық ресурсқа айналып отырғанын атап өтті. Сарапшының пікірінше, Конституцияда ғылымды, білім беруді және инновацияларды дамыту басымдықтарын бекіту Қазақстанның білім экономикасына көшуіне және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға институционалдық негіз қалыптастырады.

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек технологиялық серпіліс өңірлік, географиялық, технологиялық және экономикалық теңсіздікті күшейтіп, белгілі бір теңгерімсіздіктер туғызғанын айтты.

«Осыған байланысты инновациялар, адами капитал, білім мен ғылым мәселелерінің жаңа Конституцияның негізгі мәндерінің біріне айналып, оның стратегиялық басымдықтары мен базалық құндылықтары ретінде қарастырылып отырғаны мен үшін үлкен қуаныш», – деп атап өтті С. Нұрбек.

Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева жаңа Конституция жобасы адам мен бала құқықтарын қорғау жүйесін күшейтетінін атап өтті.

«Құжатта отбасыны, ана мен баланы қолдаудың қосымша кепілдіктері бекітіліп, мемлекеттік саясаттың адамға бағытталған сипаты айқын көрсетіледі», – деді Динара Зәкиева.

Осыған ұқсас пікірді Bilim Group компаниясының негізін қалаушы Рауан Кенжеханұлы да білдірді. Оның айтуынша, XXI ғасырда қоғам дамуының негізгі факторы – оның интеллектуалдық әлеуеті

«Білім, ғылым және инновацияларды дамыту білім қоғамының негізін қалыптастырады, ол тұрақты экономикалық өсудің басты көзіне айналады», – деп атап өтті Рауан Кенжеханұлы.

Саясаттанушы Эдуард Полетаев қазіргі Конституция тек құқықтық қана емес, сонымен қатар стратегиялық функцияны атқаратынын, оның ұзақ мерзімді мемлекеттік дамудың құндылықтық аясын анықтайтынын айтты.

Сараптамалық платформа қорытындысы бойынша қатысушылар жаңа Конституция Қазақстанның әрі қарайғы дамуының институционалдық және құндылықтық негіздерін қалыптастыратынын, оның адам құқықтарын нығайтуға, білім қоғамын дамытуға және мемлекеттік жүйенің тұрақтылығын жаһандық өзгерістер жағдайында арттыруға бағытталғанын атап өтті. 

Жаңалықтар көбірек:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиынға қатысты
171
Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының ХАБАРЫ
222
«AMANAT» партиясы жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты Үндеу жасады
177
«AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» белсенділері «Таза Қазақстан» бастамасы аясында ел көлемінде үгіт материалдарын жинауға кірісті
305
Референдум кезінде ұсақ құқық бұзу фактілері ғана тіркелді – «AMANAT» өкілі
131
Референдум нәтижесіне әсер етуі мүмкін заңбұзушылықтар анықталған жоқ – ТүркПА байқаушылары
155
Референдум ашық әрі заңға сай өтті – ТМҰ бақылаушылары
151
ТМД миссиясы: Қазақстандағы референдум ашық әрі тыныш жағдайда өтті
153
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
134
«Халық үні» тәуелсіз бақылаушылары Орталық референдум комиссиясының қорытындысын растады
159
«Ел Дауысы» ҚҚ бақылаушылары референдумда дауыс беру заңды және ашық өткенін жеткізді
140
«AMANAT» партиясының байқаушылары: Референдум ашық әрі жоғары азаматтық белсенділік жағдайында өтті
149
ҚР Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумда дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады
188
Экзитпол нәтижелері: қазақстандықтардың басым бөлігі жаңа Конституцияны қолдады
262
Референдум-2026: «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы референдумда дауыс берді
153
Қазақстандағы референдум учаскелері дауыстарды санауға кірісті
224
«Референдум – 2026»: Онлайн марафон патриотизм, киберспорт және технологиялар тақырыбындағы талқылаулармен жалғасты
153
«Референдум – 2026» онлайнмарафоны жалғасуда. Көрермен назарына өзектімәселелер және өнертабыстар ұсынылды
127
Референдум-2026: кешкі сағат 18.00-ге дейін тізімге енген азаматтардың 70,98% дауыс беріп үлгерген
172
Жамбыл облысында референдум қалай өтіп жатыр – бақылаушы баға берді
148
Қостанайда тұрғындар таңертеңнен бастап белсенді дауыс беріп жатыр – бақылаушы
140
Еліміздегі қоғамдық жағдай тұрақты  
151
«Родина» агрофирмасының басшысы референдум учаскесінде өз таңдауын жасады
162
Павлодарлықтар дауыс беру учаскелеріне ағылуда
151
Республикалық референдумда дауыс бергендердің қатарында бокстан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай да бар
141
Ұлытау облысында референдум мерекелік атмосферада өтуде
155
«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек референдумға қатысты.
147
Көрісу күнімен тұспа-тұс келді: Ақтауда референдум учаскелерінде мерекелік атмосфера орнады
123
Ақтөбеде әлем чемпиондары референдумда дауыс берді
212
Сүйінші! Атазаң дүниеге келді!
172
Шетелдегі 3 мыңнан астам қазақстандық референдумға келіп, дауыс беріп үлгерген
157
Сайрамда көкпаршылар мен байкерлер ел болашағы үшін дауыс берді
143
Қазақстан гимнастика федерациясының президенті, қалалық мәслихат депутаты Әлия Юсупова азаматтық таңдауын жасады
142
Конституциялық реформа азаматтық қоғамның рөлін күшейтеді
185
Ақтөбелік бақылаушы референдум учаскесіндегі ерекше сәт туралы айтып берді
136
Майра Мұхамедқызы: «Мұндайда халықтың бірлігі мен белсенділігі маңызды»
147
Адамдар көтеріңкі көңіл-күймен келіп, өз таңдауын жасап жатыр – бақылаушы Жетісу облысындағы референдум туралы
142
Бір әулеттің үш буыны референдумда дауыс берді
153
Ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының ұрпақтары референдумға қатысып, өз таңдауын жасады
185
«Референдум – 2026» онлайн марафоны: инклюзивті қоғам мен бала тәрбиесі тақырыптары кеңінен талқыланды
159
ТМД ПАА миссиясы Қазақстандағы референдумды ұйымдастыруға қатысты ешқандай ескерту тіркеген жоқ
142
ТМД ПАА бақылаушылары Қазақстандағы референдумда дауыс беру ашық өтіп жатқанын айтты
132
Әрбір азамат өз таңдауын еркін жасап жатыр - бақылаушы
144
Өнер мен мәдениеттің арқасында саяси науқан тұрғындар үшін мерекеге айналды
124
40 ене мен 40 келін – бірліктің жарқын үлгісі
160
ШЫҰ миссиясы Қазақстандағы референдумның техникалық дайындығын бағалады
157
Қытайда референдум бойынша төрт дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр
160
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді 
438
Қазақстандағы үш ірі мегополистің әкімдері референдумда дауыс берді
134
Қостанайдағы №1 сайлау учаскесінде танымал сыйқыршы Төрехан Жұманов шоу ұйымдастырды
151
Аида Балаева референдумда дауыс берді
195
Шымкентте тұрғындар референдумға ұлттық киіммен келіп, ерекше белсенділік танытты
130
Түркістанда бокстан ұлттық құрама спортшылары референдумда дауыс берді
139
Шымкенттегі Достық үйінде референдум ерекше рухта өтіп жатыр
141
Осы жолғы референдумда сайлаушылардың белсенділігі бірден байқалады – бақылаушы
123
Қазығұрт ауданында 100 жастан асқан қария референдумда дауыс берді
123
Халықтың 19,21 пайызы дауыс беріп үлгерген - Орталық референдум комиссиясы
110
Қызылорда өңірінде 2637 жас бірінші рет дауыс беру құқығына ие
135
«Мерейлі отбасы» – Бозтаевтар әулеті дауыс берді
149
105 жастағы майдангер референдумда бірінші болып өз таңдауын жасады
128
«Абысын татау болса...» – маңғыстаулық абысын-ажындар референдумға қатысты
122
«Ғасыр әже» ансамблінің мүшелері дауыс берді
117
Мәулен Әшімбаев: референдум – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жарқын көрінісі
213
Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді
153
Қазақстанның еңбек ері Имамзада Шағыртаев өз таңдауын жасады
141
«Референдум – 2026» республикалық онлайн марафоны басталды
244
«Референдум – 2026»: Елдің маңызды саяси оқиғасы live форматта
216
Қостанайдағы референдум учаскесінде Наурыз қарсаңында Қыдыр ата дауыс берді
143
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин референдумда дауыс берді
208
Мәжіліс төрағасы жаңа Конституция бойынша республикалық референдумда дауыс берді
268
Премьер-министр Олжас Бектенов ҚР жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі референдумда дауыс берді
135
Геннадий Головкин Бангкокте жаңа Конституция бойынша референдумда дауыс берді
132
Референдум: Ең алғашқы дауыс беруші Жапонияда өз таңдауын жасады
141
Елімізде жаңа Конституция жобасы бойынша референдум басталды
183
Қазақстанда жаңа Конституция жобасын түсіндіру науқаны аясында 23 мыңнан астам кездесу өтті
209
Сыр өңірінде жаңа Конституция жобасын қолдауға бағытталған Open air-ге 20 мыңға жуық адам жиналды
160
Жаңа Ата заң: Мәжіліс депутаттары көлік кәсіпорындарының қызметкерлерімен Конституция жобасын талқылады
157
Жалпыұлттық коалиция: Қызылордада кәсіпкерлермен жаңа Конституция жобасы талқыланды
169
Жаңа Конституцияны танытудың жаңа форматы – JEBE Quiz
170
Жастар – Жаңа Қазақстанның қозғаушы күші
155
Жастар және Конституция: Астанада Talks форматында ашық диалог өтті
169
Қазақстандықтардың басым бөлігі жаңа Конституцияны қолдайды – Коалиция
208
Ұлытауда жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті
183
Референдум - демократиялық қоғамның маңызды көрсеткіші
202
«Саран» шахтасының кеншілері Конституцияда бекітілген азаматтық жауапкершілік идеясын қолдайды
144
Көне Тараздағы әуенге толы жастар кеші
137
«Негізгі заңды жетілдіру қоғамның дамуын көрсетеді» – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясында кездесу өтті
145
Ұстаздар қауымымен кездесті
148
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында сөз сөйледі
248
Жамбыл облысында жалпыхалықтық коалиция мүшелері жастармен кездесті
153
Nazarbayev University-де жаңа Конституция жобасы талқыланды
182
«Барыс Аренада» жаңа Конституция жобасы түсіндірілді
176
Қоғамдағы әділдік қағидаттарын нығайтуға бағытталған
166
Жаңа заң жобасы - әрбір азаматтың лайықты өмірінің кепілі
145
Референдум-2026: Шымкентте медицина қызметкерлерімен Конституция жобасы талқыланды
171
Жалпыұлттық коалиция Сыртқы істер министрлігі ұжымымен кездесу өткізді
148
«Конституция – басты бағдар» – «Теплотранзит» алаңында мазмұнды кездесу өтті
149
1000 қатысушыны біріктірген форум: Халықтық Конституцияны қолдау
189
Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ұжымымен кездесті
146
Еңбек адамының құқығы мен отбасы құндылығы – жаңа Конституцияда
137