Бүгін еліміз бойынша республикалық референдум өтуде. Маңызды саяси науқанда сырбойылық 105 жастағы майдангер де өз таңдауын жасады.
Сырдария ауданында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыров референдум күні алғашқылардың бірі ретінде өз учаскесінде бюллетень алып, дауыс берді. Қария бұл күннің маңыздылығын атап өтіп, комиссия мүшелеріне ақ батасын берді.
Майдангер ел тарихындағы әрбір сайлау және референдум науқандарынан тыс қалған емес. Әрбір адам мемлекет үшін маңызды істе үнсіз қалмауы керек деп санайтын қария беруші комиссия мүшелерінің жұмысына сәттілік тіледі.