Түркістанда «Раяна гүлдер әлемі» жылыжайының еңбеккерлер ассамблеясы «Референдумға – иә!» тақырыбында акция өткізді.
Акция барысында «Раяна гүлдер әлемі» жылыжайының еңбеккерлер ассамблеясының төрайымы, ұжым директоры Дильноза Омарова қызметкерлерге жаңа Конституцияның маңыздылығын түсіндіріп, 15 наурыз күні болатын референдумға бірауыздан қатысуға шақырды.
«Жаңа Ата заңымыз бойынша референдум еңбеккерлер арасында билік институттарына деген сенімді күшейтуге және азаматтарды негізгі реформалар төңірегіне топтастыруға берілетін маңызды мүмкіндік. Бұл – халықтың ел болашағын айқындау процесіне тікелей қатысуына жол ашары сөзсіз», – деді Дильноза Омарова.
Акция аясында жылыжай қызметкерлері барша халықты референдумға барып, жаңа Конститутциямызды қолдап дауыс беруге шақырды.

