Шымкент қаласының Тұран ауданы Жаңаталап тұрғын алабындағы мәдениет үйінде қалалық ҚХА жанындағы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері жергілікті тұрғындармен кездесіп, жаңа Конституция жобасын түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жаңа Конституцияның негізгі қағидаттары мен баптары талқыланған кездесуді қалалық «Қоғамдық келісім» мекемесінің бөлім басшысы Т.Бейсембиев жүргізді. Өз кезегінде қалалық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, ардагер ұстаз Н.Байғұт пен қалалық түрік этномәдени бірлестігінің мүшесі Х.Насибов сөз сөйлеп, еліміздің басты құқықтық құжаты көздеген межелі міндеттер мен негізгі қағидаттар туралы жан-жақты баяндап берді.
Жаңа Констиуцияның қолданыстағы нұсқадан айырмашылықтарына тоқталып, әрбір бапты тиянақты талдап, негізгі ерекшеліктерін атап өтті. Мәдениет үйіне жиналған 70-ке жуық жергілікті тұрғын ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне жаңа Конституция жобасы жайлы сауал қойып, көкейге қонымды жауап алды.


