15 наурыз күні Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдау бойынша республикалық референдум өтті. Қазақстанның Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, сағат 20:00-дегі жағдай бойынша дауыс берушілер тізіміне енгізілген 12 461 796 азаматтың 73,24 пайызы референдумға қатысқан.
Экзитпол нәтижелеріне сәйкес, референдумға қатысқандардың басым көпшілігі жаңа Конституцияны қабылдауды қолдаған:
– Еуразиялық интеграция институты жүргізген сауалнама деректері бойынша – 86,7%;
– «СОЦИС-А» әлеуметтік және саяси зерттеулер институты жүргізген сауалнама бойынша – 87,4%;
– Қоғамдық саясат институты жүргізген сауалнама нәтижелері бойынша – 88,6%.