Бүгін, 15 наурыз күні, Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдум өтіп жатыр.
«Референдум – 2026» атты республикалық онлайн-марафон барысында «AMANAT» партиясының хатшысы Александр Данилов сөз сөйлеп, конституциялық реформаның маңызы туралы пікірін білдірді.
Оның айтуынша, Ата заңды жаңарту демократиялық институттарды одан әрі дамытуға, әділеттілік қағидаттарын нығайтуға және азаматтардың мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.
Сондай-ақ ол жаңа Конституция елдің дамуына арналған заманауи құқықтық негіз қалыптастырып, азаматтық қоғамның рөлін күшейтетінін және тұрақты экономикалық әрі әлеуметтік өсімге жағдай жасайтынын атап өтті.
Спикердің пікірінше, конституциялық реформа мемлекетті жаңғыртуға және қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға жаңа мүмкіндіктер береді.