Шанхай ынтымақтастық ұйымының бақылаушылар миссиясы Қазақстандағы республикалық референдумды бақылауды бастады.
Ұйым өкілдері Астанада және Ақмола облысында орналасқан бірқатар учаскеге барып үлгерді.
Бұл туралы ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Олег Копылов хабарлады.
«Бұл – Қазақстандағы ШЫҰ миссиясының 16-шы бақылауы. Біз жұмысты кеше бастадық: Астанада және Ақмола облысында бірнеше сайлау учаскесіне бардық. Техникалық дайындықты жоғары деңгейде деп бағалап отырмыз. Бүгін жұмысымызды таңғы сағат 7-ден бірнеше учаскенің ашылуымен бастадық. Жалпы алғанда, ұйымдастыру және техникалық дайындық жоғары деңгейде деп айта аламын», – деді Олег Копылов.