Бұл туралы ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесі хатшылығының басшысы және бас хатшысы Дмитрий Кобицкий мәлімдеді.
«Референдум жөніндегі Орталық комиссия учаскелік сайлау комиссияларының қызметкерлерін дайындау үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Қызметкерлер заңнаманы жақсы біледі және учаскелерде түрлі жағдайлар орын алғанда қалай әрекет ету керек екенін түсінеді. Әзірге ұлттық бақылаушылардан да, Парламентаралық Ассамблея бақылаушыларынан да ешқандай ескерту тіркелген жоқ», - деді Дмитрий Кобицкий.
Оның айтуынша, ТМД ПАА бақылаушылар миссиясы жұмысының қорытындысы бақылау нәтижелері шығарылғаннан кейін өтетін баспасөз конференциясында жарияланады.