«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Қостанай өңірлік коалициясының мүшелері Қырмызы Жаңбыршина мен Тоты Айтмағамбетова С.Мәуленов атындағы гимназия ұжымымен жүздесті.
Жиын барысында Ата заңға енгізілетін өзгерістердің мән-жайы мен қоғам өміріндегі маңызы егжей-тегжейлі талқыланды. Диалог барысында еліміздің зайырлылық қағидаттарын нығайту және заң үстемдігін орнату, әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғамдағы татулықты сақтау және ұлттық келісімді нығайту сияқты бағыттарға басымдық берілді.
Гимназияның ұстаздар қауымы алдағы саяси реформалардың білім саласы мен келешек ұрпақ үшін маңыздылығын атап өтті. Кездесу соңында қатысушылар ұсынылған жаңашылдықтарды бірауыздан құптап, ел дамуының жаңа кезеңіне қолдау білдірді.
