Қаз
Аида Балаева: Конституция сөз бостандығына кепілдік береді және цензураға тыйым салады

Жезқазған қаласында С. Қожамқұлов атындағы Қазақ музыкалық-драма театрының алаңында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының мүшелері Ұлытау облысының тұрғындарымен кездесті. Делегацияны Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі, коалиция төрағасының орынбасары Аида Балаева бастап барды. Сондай-ақ іс-шараға депутаттар және сарапшылар қауымы, қоғам қайраткерлері, заңгерлер, білім беру саласының өкілдері және өңір тұрғындары қатысты.

Кездесуді ашқан Премьер-Министрдің орынбасары жаңа Конституция жобасындағы білім, ғылым, мәдениет және инновацияларды дамытуға, сондай-ақ ұлттық бірегейлік пен тарихи-мәдени мұраны сақтауға бағытталған ережелерге ерекше тоқталды.

«Жаңа Конституцияда ұлттық мәдениетті дамыту және тарихи-мәдени мұраны сақтау мәселелері де нақты көрініс тапты. Мұның барлығы ұлттық бірегейлігімізді сақтауға және рухани құндылықтарды келер ұрпаққа жеткізуге бағытталған маңызды қадам деп санаймын. Жоба аясында білім, ғылым, мәдениет және инновация салаларын дамытуға ерекше назар аударылды. Себебі қазіргі заманда адам капиталы кез келген мемлекеттің бәсекеге қабілетін айқындайтын басты фактор саналады. Қуатты мемлекеттің тірегі – озық ойлы ұлт, дамыған мәдениет және жоғары зияткерлік әлеует», – деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Сонымен қатар Аида Балаева жаңа Конституция жобасы іргелі демократиялық қағидаттарды нығайтуға бағытталғанын, оның ішінде сөз бостандығына кепілдік беру мәселесіне де назар аударылғанын, әрбір азаматтың ар-намысы, қадір-қасиеті мен құқығы қорғалатынын атап өтті.

«Жаңа Конституция жобасы дамыған мемлекеттердің тәжірибесіне сүйене отырып, сөз бостандығына толық кепілдік береді. Ұсынылып отырған нормалар сөз бостандығын шектеуге емес, әр адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін, жеке өмірін қорғауға бағытталған. Ең бастысы – негізгі қағидат өзгермейді: Конституция сөз бостандығына кепілдік береді және цензураға тыйым салады. Сөз бостандығы мәселесін тек журналистиканың дамуы тұрғысынан ғана қарастыруға болмайды. Қазіргі ашық қоғамда әр адам өз пікірін еркін білдіре алады, алайда бұл құқық көп мүмкіндік бере отырып, белгілі бір жауапкершілікті де жүктейді. Қоғамда әртүрлі пікірдің болуы – заңды құбылыс. Алайда қандай сын айтылса да, тұтас бір халықты кемсітетін немесе оның болашағына күмән келтіретін тұжырымдар жасауға жол берілмеуге тиіс. Қазақ халқы ғасырлар бойы көптеген тарихи сынақтардан өтіп, өзінің тілін, мәдениетін және ұлттық бірегейлігін сақтап қалды. Ең бастысы, Мемлекет басшысы атап өткендей, тәуелсіздік – бәрінен қымбат құндылық. Ол бізге кездейсоқ келген жоқ: бұл – ата-бабамыздың өшпес ерлігі мен талай ұрпақтың ерен еңбегінің нәтижесі. Сондықтан оның маңызын төмендетуге немесе құндылығын жоққа шығаруға болмайды. Ең маңыздысы – қоғамды бөлмейтін, керісінше біріктіретін ой айту; ұлттық бірлігімізді сақтау, ортақ мүдделерді келісім, өзара құрмет және ынтымақ арқылы қорғау», – деді А.Балаева.

Сөз соңында Премьер-Министрдің орынбасары жаңа Конституция жобасын қоғамдық талқыдан өткізу қадамы елдегі саяси мәдениет пен азаматтық жауапкершіліктің артқанын көрсететінін атап өтті. Оның айтуынша, ұсынылып отырған өзгерістер әділетті мемлекеттік құрылым қағидаттарын нығайтуға, билік институттарына деген сенімді арттыруға және Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.

«Бүгінде қоғамда жаңа Конституцияға қатысты түрлі пікір айтылып жатыр. Бұл – заңды құбылыс. Себебі азаматтардың Ата Заңның әрбір бабын мұқият зерделеп, оның мазмұнын және болашақтағы ықпалын талқылауы қоғамдағы саяси мәдениеттің өскенін және азаматтық жауапкершіліктің күшейгенін көрсетеді. Кейбір азаматтар Конституцияға енгізілген өзгерістерді президенттік билікті күшейтуге бағытталған қадам ретінде бағалап жатады. Алайда мұндай пікір білдіруге негіз жоқ. Керісінше, жаңа Конституцияда Президент өкілеттігіне белгілі бір шектеулер енгізілуде. Атап айтқанда, Президент жеті жыл мерзімге және тек бір рет сайланады, сондай-ақ оның жақын туыстары жоғары мемлекеттік лауазымдарға тағайындала алмайды. Шын мәнінде, Мемлекет басшысы суперпрезиденттік модельге мұқтаж емес. Керісінше, қазіргі күрделі әрі тұрақсыз геосаяси кезеңде елімізге мемлекет тұрақтылығы мен тыныштығын қамтамасыз ете алатын, ел мүддесін бәрінен жоғары қоятын Қасым-Жомарт Тоқаев сияқты Президент қажет», – деді Аида Балаева.

Сондай-ақ кездесу барысында Жалпыұлттық коалиция өкілдері – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжол Әлтай, мемлекет және қоғам қайраткері, заңгер Серік Ақылбай, білім беру жүйесінің қайраткері Нұрлан Дулатбеков, сонымен қатар мемлекет және қоғам қайраткері Әбілғазы Құсайынов сөз сөйледі. Олар жобада ұсынылып отырған өзгерістер қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайтуға қосымша жағдай жасайтынын, сондай-ақ азаматтардың мемлекеттің қоғамдық-саяси өміріне қатысу мүмкіндігін кеңейтетінін атап өтті.

Ұлытау облысы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлбану Сейтжанова жаңа Конституция жобасы отбасы құндылығының, этносаралық келісім мен қоғамдық диалогтың маңызын арттыратынын атап өтті. Сондай-ақ ол өңірдегі этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен Аналар кеңесінің мүшелері ақпараттық-түсіндіру жұмысына белсенді қатысып, алдағы референдумды қолдайтынын мәлімдеді.

Кездесуге қатысушылар жаңа Конституция жобасы қоғам тарапынан тек құқықтық құжат ретінде ғана емес, сонымен бірге тарихи сабақтастықты, егемендікті, ел бірлігін және адам капиталын дамытудың басымдығын бекітетін құндылықтар жүйесі ретінде қабылданып отырғанын атап өтті.

«Мен 1995 жылғы Конституцияның преамбуласын жаңа Конституция жобасының преамбуласымен салыстырдым. Менің ойымша, жаңа мәтінде тарихи сабақтастық, мемлекеттің унитарлық сипаты, аумақтық тұтастық, бірлік пен келісім мәселелері айқын әрі нақты көрініс тапқан. Әсіресе преамбулада мәдениет, білім, ғылым және инновация даму бағдары ретінде айқындалғаны аса маңызды. Референдумда жаңа Конституция жобасына қолдау көрсету – Қазақстанның алға жылжуына және ел ертеңін нығайтуға қосқан үлесіміз болады деп есептеймін», – деді Жезқазған қаласының тұрғыны Ғазиз Ештанаев.

Кездесу қорытындысында коалиция өкілдері тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ қатысушылар 15 наурызда өтетін республикалық референдумға саналы түрде қатысудың маңызын атап өтті. 


Жаңалықтар көбірек:
Қазақстанның энергетиктер қауымдастығы елдің жаңа Негізгі Заңын қолдайтынын мәлімдеді
23
Азаматтардың құқығы мен бостандығы – ең қастерлі құндылық
26
Сәтбаев қаласының педагогикалық қауымдастығы конституциялық реформаны және алдағы референдумды қолдады
21
Қазалы ауданының тұрғындары Ата Заң жобасын қолдайтындарын жеткізді
20
Аида Балаева: Конституцияның авторы – бүкіл халық, демек, бәріміздің ортақ жауапкершілігіміз бар
34
«Қазгидромет» ұжымымен халықтық Конституция талқыланды
19
Референдум-2026: халықтың еркін білдіретін маңызды демократиялық тетік
24
Ақмола облысының педагогтері жаңа Конституцияны қолдайды
30
Шымкентте Өзбек драма театрының ұжымымен референдум мәселелері талқыланды
20
Адам капиталына баса мән беріледі
19
Конституциялық өзгерістер – қоғам сұранысынан туындаған қадам 
22
Музей ұжымымен Конституцияның жаңа жобасы талқыланды
17
Астаналық құрылыс саласының өкілдері жаңа Конституциясы жобасын қолдайды
20
Жаңа Конституция – ел дамуының жаңа кезеңіне жасалған қадам
32
Жаңа Ата заң: Жергілікті өзін-өзі басқару қызметі заңмен реттеледі
15
«Жасампаз қоғам болуымызға жетелейтін құндылықтарды өркендеуіміздің бағдары етіп белгіледік»
16
Еңбек адамының мүддесі басты назарда: Коалиция өкілдері «Тәп-тәтті» ұжымымен кездесті
28
«Семей Инжиниринг» АҚ ұжымы жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
32
Жезқазғанда Жалпыұлттық коалиция мүшелері «Kazkat» кәсіпорнының ұжымымен жаңа Конституция жобасын талқылады
36
Алматы облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған жұлдызды футбол матчы өтті
25
Аида Балаева: Конституция сөз бостандығына кепілдік береді және цензураға тыйым салады
46
Жетісуда «Есіктен есікке» акциясы жалғасуда
26
Қарағанды облысының әкімі референдум қарсаңында өңір тұрғындарына үндеу жасады
33
Медицина қызметкерлері референдумға қатысады
38
«Қазақстанды қуатты, өркендеген, әділетті және жасампаз елге айналдыра аламыз»
51
Медицина мамандары үшін сенімділік пен тұрақтылықтың негізін қалыптастырады
44
Жаңа Конституция жобасы бойынша AI-платформа таныстырылды
336
Мұнай-газ колледжінің студенттері конституциялық реформаларды талқылады
32
Референдумға қатысу – ел болашағы үшін жауапкершіліктің маңызды көрінісі
37
Жамбылдық ұстаздармен референдумның маңызы талқыланды
39
Коалиция мүшелері мұғалімдерге Конституция жобасын таныстырды
41
Ұстаздар қауымымен конституциялық өзгерістер талқыланы
39
Бұл – мықты қоғам қалыптастырудың басты шарты
41
«Жаңа Конституция – халық үшін жасалған құжат»
80
Өңірлік коалиция мүшелері Жәнібек ауданы жұртшылығымен кездесті
33
Қазақстан эстрадасының жұлдыздары жаңа Конституцияны қолдау үшін бірікті – «Халықтың Ата Заңы» халық әнұраны
267
Оқушылар сарайында Конституция жобасы талқыланды
59
«КЕЛЕТ» АҚ ұжымы Халықтық Конституция жобасының қолдайды
32
Жаңа Конституция жобасы медицина қызметкерлерінің құқығын қорғайды
44
Ауыл тұрғындары жаңа Конституцияны қолдады
35
Астанада жаңа Конституцияны қолдауға арналған Open Air концерті мен әсерлі дрон-шоу өтті
42
Қазақстанда жаңа Конституцияны қолдауға арналған ауқымды үгіт-насихат науқаны жалғасуда
55
Бөріхан Нұрмұхамедов, саясаттанушы: Нормалар әділ қолданылса, сенім артады
47
Шымкентте футбол мерекесі аясында ауқымды насихат жұмысы ұйымдастырылды
50
Жаңа Конституция туралы ашық әңгіме Ақсуда жалғасты
46
Өңірлердің дербестігін кеңейту инвестициялар мен кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдай жасайтынын атап өтті
38
Әрбір азаматтың ел болашағына қатысты өз пікірін білдіретін маңызды мүмкіндік
44
Жаңа Ата заң: Құқықтық реформалар азаматтардың қорғау ісіне тың серпін береді
47
Ата заң жобасында ұсынылған идеялар көптің көңілінен шықты
40
Жаңа Конституция төңірегіндегі ашық диалог
46
Астанадағы MEGA Silk Way сауда орталығында «Бақыт деген» музыкалық флешмобы өтті
420
Динара Сәтжан астаналық белсенді жастармен кездесті
52
Бүгін әрбір адам өз құқықтарының нақты қорғалатынын сезінуі маңызды
42
Жаңа Конституцияда басты назар адам құқықтары мен бостандықтарына аударылып отыр
47
Қостанайда студенттермен жаңа Конституция жобасы талқыланды
42
Медицина қызметкерлерімен референдум жайы талқыланды
45
«Жаңа Конституция – жарқын болашақ»: Атырауда Ата Заңды қолдауға бағытталған гала-концерт ұйымдастырылды
41
Кентаулық энергетиктер Қуатты Қазақстанды таңдады
45
Еңбек адамы – мемлекеттің басты құндылығы
67
Денсаулық құқығы – әділ және тең қолжетімді медицина
59
Ақтауда «КАСКОР-ТРАНССЕРВИС» АҚ ұжымымен кездесу өтті
43
Мемлекет болашағын табиғи ресурстар емес, адам капиталы айқындайды
47
Жалпыұлттық коалиция мүшелері Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ұжымымен кездесті
54
Алматыда кәсіпкерлер мен медицина қызметкерлері конституциялық реформаларды қолдады
42
Түркістанда грек этномәдени қоғамдық бірлестігі Конституциялық реформа бойынша референдумды қолдады
43
Ұстаздар қауымы Ата заңның жаңа жобасына қолдау білдіретіндерін айтты
57
Өңірлік коалиция мүшелері «Қазақтелеком» АҚ филиалының ұжымымен кездесті
38
Адам өз еңбегінің қадірін сезініп, заңның қолдауын көруі тиіс
55
Жаңа Конституция билік тепе-теңдігін қалыптастырады
54
Стратегиялық принциптерін конституциялық деңгейде бекітуге берілген тарихи мүмкіндік
40
Референдум – әрбір азаматтың ел дамуына тікелей ықпал ету мүмкіндігі
44
Жаңа Конституция жобасының мәні түсіндірілді
49
Өңірлер бойынша тұсіндіру жұмыстар алғасуда 
45
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау – жаңа Конституцияның басымдығы
44
Ұлытаулық ұстаздар жаңа Конституция жобасын қолдайды
41
Кәсіпкерлерге жаңа Конституция негіздері түсіндірілді
43
Құрылыс саласының қызметкерлерімен кездесу: Жаңа Конституциядағы еңбек адамының құқықтары талқыланды
44
Жалпыұлттық коалицияның өңірлік филиалының мүшелері: әр азамат ел болашағына жауапкершілікпен қарау керек
51
Қарағанды наубайшылары жаңа Конституция үшін дауыс беруге ниетті
47
Жаңа Конституция кәсіпкерлік еркіндікке кепіл береді
43
«City School» ұжымымен Конституция жобасы талқыланды
47
Әр адам – мемлекет үшін басты құндылық
49
Құс фабрикасы қызметкерлерімен кездесу өтті
49
Жастар және ел болашағы: Жаңа Конституция жобасы талқыланды
49
Алматы облысында жаңа Конституцияны қолдау жұмыстары қарқынды жүргізілуде
47
Алматыда цифрлық буын белсенділік танытып, жаңа бастаманы қолдады
59
Ұлттық валюта – теңгені Конституцияда заңмен бекіту неліктен маңызды?
59
Көлік инфрақұрылымы саласындағы түсіндіру кездесуі 
60
Жаңа Конституция Қазақстанның болашақ даму бағытын айқындайды
195
Жаңғыру жолы: этномәдени бірлестіктер референдумды қолдайды
38
Білім саласының өкілдері жаңа Конституцияны қолдайды
88
Ғылым мен білім – жаңа Конституцияның басым бағыты 
112
Конституция – ел болашағын айқындайтын құжат 
113
Бизнес үшін құқықтық кепілдіктер мен жаңа мүмкіндіктер
173
Азаматтардың құқықтары – әділетті қоғамның негізі
112
Энергетика министрлігі ұжымымен жаңа Конституция жобасы талқыланды
91
Өзгерістер еліміздегі демократиялық институттарды дамытуға бағытталған
61
Теміржолшылармен конституциялық өзгерістер талқыланды
130
Қостанай облысының сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасын қолдады
71
ҚХА Алматы қалалық Аналар кеңесінде жаңа Конституция жобасының негізгі нормалары қаралды
34