Өңірлік коалиция мүшелері Серік Сүлеймен, Айгүл Есекенова, Тоқтар Кенжеғалиев Батыс Қазақстан облыстық халық шығармашылығы орталығының ұжымымен кездесті.
Кездесудің басты мақсаты – Конституцияның жаңа жобасын таныстыру және оның мазмұны мен маңызын түсіндіру болды. Кездесу барысында жаңа Конституция жобасында қарастырылған азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, әлеуметтік бағыттағы бастамалар және елдің одан әрі дамуына қатысты маңызды өзгерістер туралы айтылды.
Конституция жобасының негізгі бағыттары таныстырылып, құжатта көзделген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, әлеуметтік әділеттілікті нығайту және елдің тұрақты дамуына бағытталған бастамалар туралы айтылды. Сондай-ақ, конституциялық реформалардың мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімді арттыруға, азаматтардың саяси процестерге қатысу мүмкіндігін кеңейтуге бағытталғаны атап өтілді.
«Конституциялық өзгерістер – қоғам сұранысынан туындаған маңызды қадам. Бұл құжатта азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, әлеуметтік әділеттілікті күшейту және мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттыру басты назарда. Сондықтан алдағы референдум – әрбір азаматтың ел болашағына қатысты өз пікірін білдіретін маңызды мүмкіндік», – деді Серік Сүлеймен.
Сонымен қатар, қатысушылар референдумның маңызына тоқталып, әр азаматтың ел болашағына бейжай қарамай, өз таңдауын жасау қажеттігін атап өтті. Кездесу барысында музей қызметкерлері өз ой-пікірлерін білдіріп, ұсыныстарымен бөлісті.
Жиын соңында қатысушылар осындай кездесулер қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және маңызды мемлекеттік бастамалар жөнінде кеңінен ақпарат таратуға ықпал ететінін атап өтті.



