Қаз
Аида Балаева: Конституцияның авторы – бүкіл халық, демек, бәріміздің ортақ жауапкершілігіміз бар

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелерінің Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында Сәтбаев қаласындағы «Анненская» шахтасының жұмысшыларымен кездесу өтті. Жиында жаңа Конституция жобасы мен 15 наурызда өтетін республикалық референдум талқыланды. Кездесуге Премьер-министрдің орынбасары – ҚР Мәдениет және ақпарат министрі, коалиция төрағасының орынбасары Аида Балаева және депутаттар, заңгерлер мен сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты. Жаңа Конституция жобасындағы еңбек адамына, өндірістегі қауіпсіздікке, әділ ережелерге және мемлекеттің азаматтар алдындағы жауапкершілігіне тікелей қатысты нормаларға ерекше назар аударылды.

Кездесуді ашқан Аида Балаева жаңа Конституция жобасы ең алдымен азаматтардың мүддесіне бағытталғанын және әсіресе, еңбек ұжымдарына жақын құндылықтарды бекітетінін атап өтті.

«Преамбуладан-ақ жобаның негізгі мәні көрініп тұр. Ол «Біз, біртұтас Қазақстан халқы…» деген сөздермен басталады. Бұл – өте маңызды акцент: Конституцияның авторы – бүкіл халық. Демек, еліміздің даму ережелері қандай болатынына бәріміз бірдей жауаптымыз. Преамбулада еңбек адамдарына ерекше жақын бағдарлар айқын көрсетілген: еңбек пен білімге құрмет, келер ұрпақ алдындағы жауапкершілік, «Заң мен Тәртіп» қағидаты, әділеттілік пен тұрақты дамуға арқа сүйеу. Шахта үшін бұл ұғымдар өте нақты мәнге ие. Тәртіп пен жүйе болмаса – қауіпсіздік болмайды. Ал әділ ережелер мен жауапкершілік болмаса – ұжымда да, қоғамда да сенім болмайды», – деді Аида Балаева.

Жүздесуге қатысушылар өнеркәсіптік өңір үшін және «Анненская» шахтасы сияқты кәсіпорындар үшін еңбекті қорғау, тәртіп, ережелердің тұрақтылығы және жұмысшы мамандықтарына құрмет көрсету мәселелері ерекше маңызды екенін атап өтті. Әңгіме барысында жаңа Конституция жобасында лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге қатысты жауапкершілік нақтырақ айқындалатыны, ал өндірістегі қауіпсіздік қазіргі әлеуметтік саясаттың негізгі стандарттарының бірі ретінде қарастырылатыны айтылды.

Сонымен қатар өнеркәсіп саласы ұшырасып отырған заманауи сын-қатерлерге де назар аударылды. Әңгіме өндірістік процестерді цифрландыру, автоматтандыру, мониторинг жүргізу және цифрлық ортада азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері төңірегінде өрбіді. Технологиялардың дамуы қауіпсіздік кепілдіктерін күшейтумен қатар жүруі тиіс екені, соның ішінде дербес деректер мен цифрлық коммуникацияларды қорғау қажеттігі айтылды. 

Заңгер Серік Ақылбай конституциялық өзгерістердің құқықтық маңызына тоқталып, Негізгі заң нормалары абстрактілі тұжырымдар күйінде қалмай, адамның мүддесіне, қауіпсіздігі мен әділеттілікке нақты қызмет етуі тиіс екенін атап өтті.

«Жаңа Конституция елге қажет, өйткені осы жылдар ішінде Қазақстан айтарлықтай өзгерді. 1995 жылғы Конституция тәуелсіз мемлекет қалыптасуының күрделі кезеңінде қабылданған болатын. Ал бүгін біз болашаққа сеніммен қарап, алдымызға жаңа міндеттер қойып отырмыз. Маңыздысы – қазіргі жоба үлкен ортақ жұмыстың нәтижесі: оған ғалымдар, заңгерлер, сарапшылар, қоғам өкілдері қатысты, ал азаматтардан түскен ұсыныстар мыңдап саналады. Сондықтан бұл – Президенттің бастамалары мен қоғамның әділеттілікке, тұрақтылық пен қуатты мемлекетке деген сұранысын тоғыстырған шын мәніндегі халықтық құжат», – деді ол.

Кездесуде еңбек ұжымының ұстанымын өндіріс өкілдері де білдіріп, шахтерлер үшін қауіпсіздік, тәртіп, әлеуметтік қорғалу және еңбек адамына құрмет ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

«Мен Шығыс-Жезқазған кенішінде тау-кен шебері болып жұмыс істеймін. Бұл сала үлкен жауапкершілік пен жоғары кәсібилікті талап ететінін жақсы білемін. Өндірісте әр адамның еңбегі ортақ нәтижеге қызмет етеді. Сондықтан тәртіп пен қауіпсіздік талаптарын сақтау – бәріміздің ортақ міндетіміз. Сол себепті жаңа Конституцияда еңбек адамының құқықтары мен оның әлеуметтік қорғалуы нақты көрсетілгені біз үшін маңызды. Заң үстемдігі, әділеттілік және тең мүмкіндіктер – өндіріс саласында еңбек ететін адамдар үшін сенімді болашақтың негізі», – деді Асылхан Тәліпов.

Осы ойды аға буын шахтерлері де жалғастырды, олар өнеркәсіптік өңір үшін еңбек, әділеттілік және заң әрқашан негізгі құндылықтар болғанын атап өтті.

«Жезқазған өңірінің кеніштерінде қырық жылға жуық еңбек етіп келемін. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ел қандай қиын жолдан өткенін жақсы білемін. Бүгінде Қазақстан қалыптасу кезеңінен өтіп, жаңа даму сатысына қадам басты. Мұндай уақытта мемлекеттілікті нығайту, азаматтардың құқықтарын қорғау және болашаққа берік негіз қалыптастыру аса маңызды. Жаңа Конституция біз үшін тағы бір маңызды құжат, өйткені онда Әділеттілік, Заң мен Тәртіп қағидаттары, еңбекке құрмет бекітіліп, елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығы қорғалады. Бұл – адал еңбек ететін әр адамға тірек болатын құжат деп сенемін», – деді Тұрсынбек Мәкішев. 

Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай референдумның азаматтардың еркін тікелей білдіру тетігі ретіндегі маңызына тоқталып, қоғамның ел тағдырына қатысты маңызды шешімдерді талқылауға белсенді қатысуы қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар ол экологиялық күн тәртібіне ерекше назар аударып, жаңа Конституция жобасында табиғатқа ұқыпты қарау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершіліктің маңызды бөлігі ретінде қарастырылатынын айтты. Оның пікірінше, қоршаған ортаны қорғау, жердің, судың және ауаның тазалығын сақтау, сондай-ақ экологиялық жауапкершілік талаптарын күшейту қоғамның ғана емес, ел дамуының тұрақты құқықтық бағдарларының біріне айналуы тиіс.

Қылмыстық құқық және криминология саласының маманы Нұрлан Дулатбеков те қоғам өміріндегі жауапкершілік, құқықтық тұрақтылық және заңның рөлі мәселесіне тоқталды. Ол өз сөзінде құқықтық мәдениеттің маңызын, қоғамдық келісім мен азаматтардың ел болашағын айқындайтын шешімдерге саналы түрде араласуының қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ жаңа Конституция халыққа түсінікті әрі жақын болуы тиіс екенін, ал онда білім, ғылым, мәдениет және адами капиталдың басымдығын бекіту Қазақстан дамуының жаңа кезеңін білдіретінін айтты.

Жүздесу барысында шахтерлер мен еңбек ұжымы өкілдеріне жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері түсіндіріліп, коалиция мүшелерімен пікір алмасу өтті. Диалогқа қатысушылар еңбек адамдары үшін ең бастысы, түсінікті әрі әділ нормалар, қауіпсіздік, кәсіби біліктілікке құрмет және ертеңгі күнге сенімділік екенін атап өтті.

Кездесу соңында алдағы референдум азаматтардың ел болашағын айқындауға тікелей араласуының маңызды кезеңі болатыны, ал еңбек ұжымдарының қолдауы конституциялық өзгерістерге қоғам тарапынан жоғары қызығушылық бар екенін көрсететіні айтылды. 

Жаңалықтар көбірек:
Қазақстанда жаңа Конституция жобасын түсіндіру науқаны аясында 23 мыңнан астам кездесу өтті
17
Сыр өңірінде жаңа Конституция жобасын қолдауға бағытталған Open air-ге 20 мыңға жуық адам жиналды
15
Жаңа Ата заң: Мәжіліс депутаттары көлік кәсіпорындарының қызметкерлерімен Конституция жобасын талқылады
19
Жалпыұлттық коалиция: Қызылордада кәсіпкерлермен жаңа Конституция жобасы талқыланды
16
Жаңа Конституцияны танытудың жаңа форматы – JEBE Quiz
22
Жастар – Жаңа Қазақстанның қозғаушы күші
20
Жастар және Конституция: Астанада Talks форматында ашық диалог өтті
19
Қазақстандықтардың басым бөлігі жаңа Конституцияны қолдайды – Коалиция
75
Ұлытауда жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті
23
Референдум - демократиялық қоғамның маңызды көрсеткіші
32
«Саран» шахтасының кеншілері Конституцияда бекітілген азаматтық жауапкершілік идеясын қолдайды
17
Көне Тараздағы әуенге толы жастар кеші
16
«Негізгі заңды жетілдіру қоғамның дамуын көрсетеді» – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясында кездесу өтті
19
Ұстаздар қауымымен кездесті
18
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында сөз сөйледі
39
Жамбыл облысында жалпыхалықтық коалиция мүшелері жастармен кездесті
18
Nazarbayev University-де жаңа Конституция жобасы талқыланды
55
«Барыс Аренада» жаңа Конституция жобасы түсіндірілді
30
Қоғамдағы әділдік қағидаттарын нығайтуға бағытталған
37
Жаңа заң жобасы - әрбір азаматтың лайықты өмірінің кепілі
20
Референдум-2026: Шымкентте медицина қызметкерлерімен Конституция жобасы талқыланды
20
Жалпыұлттық коалиция Сыртқы істер министрлігі ұжымымен кездесу өткізді
24
«Конституция – басты бағдар» – «Теплотранзит» алаңында мазмұнды кездесу өтті
25
1000 қатысушыны біріктірген форум: Халықтық Конституцияны қолдау
39
Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ұжымымен кездесті
35
Еңбек адамының құқығы мен отбасы құндылығы – жаңа Конституцияда
20
Әйелдер көшбасшылығы – қоғам дамуының қозғаушы күші
27
Астанада жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері сараптамалық платформада талқыланды
67
Абай облысында кәсіпорын ұжымымен Конституция жобасы талқыланды
42
Жаңа Конституция – құқықтық жүйе мен қоғам дамуының негізі
73
Кәсіпкерлікті қолдау мен азамат құқығы: Қонақүй саласы өкілдерімен мазмұнды кездесу
32
Конституциялық реформа Парламенттің саяси салмағын арттырады – Нұрлан Бекназаров
61
Коалиция мүшелері Семей аяқ киім фабрикасының еңбек ұжымымен кездесті
42
Дүкен қызметкерлері мен тұтынушыларына жаңа Конституция жобасы таныстырылды
39
Логистика саласының мамандары жаңа Конституцияны қолдады
32
Жалпыұлттық коалиция өкілдері ЖЭО-2 ұжымымен кездесті
31
Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелеріне жаңа конституция жобасы түсіндірілді
42
«Раяна гүлдер әлемі» жылыжайының еңбеккерлер ассамблеясы «Референдумға – иә!» акциясын өткізді
33
Тәжіктердің республикалық этномәдени орталығы конституциялық реформаны қолдады
32
STEM Academia-да отбасы, еңбек және білім мәселелері көтерілді
37
Қазақстанның энергетиктер қауымдастығы елдің жаңа Негізгі Заңын қолдайтынын мәлімдеді
46
Азаматтардың құқығы мен бостандығы – ең қастерлі құндылық
62
Сәтбаев қаласының педагогикалық қауымдастығы конституциялық реформаны және алдағы референдумды қолдады
39
Қазалы ауданының тұрғындары Ата Заң жобасын қолдайтындарын жеткізді
44
Аида Балаева: Конституцияның авторы – бүкіл халық, демек, бәріміздің ортақ жауапкершілігіміз бар
58
«Қазгидромет» ұжымымен халықтық Конституция талқыланды
32
Референдум-2026: халықтың еркін білдіретін маңызды демократиялық тетік
39
Ақмола облысының педагогтері жаңа Конституцияны қолдайды
54
Шымкентте Өзбек драма театрының ұжымымен референдум мәселелері талқыланды
39
Адам капиталына баса мән беріледі
41
Конституциялық өзгерістер – қоғам сұранысынан туындаған қадам 
39
Музей ұжымымен Конституцияның жаңа жобасы талқыланды
36
Астаналық құрылыс саласының өкілдері жаңа Конституциясы жобасын қолдайды
37
Жаңа Конституция – ел дамуының жаңа кезеңіне жасалған қадам
54
Жаңа Ата заң: Жергілікті өзін-өзі басқару қызметі заңмен реттеледі
32
«Жасампаз қоғам болуымызға жетелейтін құндылықтарды өркендеуіміздің бағдары етіп белгіледік»
35
Еңбек адамының мүддесі басты назарда: Коалиция өкілдері «Тәп-тәтті» ұжымымен кездесті
45
«Семей Инжиниринг» АҚ ұжымы жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
51
Жезқазғанда Жалпыұлттық коалиция мүшелері «Kazkat» кәсіпорнының ұжымымен жаңа Конституция жобасын талқылады
61
Алматы облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған жұлдызды футбол матчы өтті
39
Аида Балаева: Конституция сөз бостандығына кепілдік береді және цензураға тыйым салады
61
Жетісуда «Есіктен есікке» акциясы жалғасуда
44
Қарағанды облысының әкімі референдум қарсаңында өңір тұрғындарына үндеу жасады
49
Медицина қызметкерлері референдумға қатысады
58
«Қазақстанды қуатты, өркендеген, әділетті және жасампаз елге айналдыра аламыз»
68
Медицина мамандары үшін сенімділік пен тұрақтылықтың негізін қалыптастырады
59
Жаңа Конституция жобасы бойынша AI-платформа таныстырылды
357
Мұнай-газ колледжінің студенттері конституциялық реформаларды талқылады
50
Референдумға қатысу – ел болашағы үшін жауапкершіліктің маңызды көрінісі
53
Жамбылдық ұстаздар референдумның маңызын талқылады
56
Коалиция мүшелері мұғалімдерге Конституция жобасын таныстырды
61
Ұстаздар қауымы конституциядағы өзгерістерді талқылады
63
Бұл – мықты қоғам қалыптастырудың басты шарты
57
Жаңа Конституция – халыққа арнап жасалған құжат
101
Өңірлік коалиция мүшелері Жәнібек ауданы жұртшылығымен кездесті
46
Қазақстан эстрадасының жұлдыздары жаңа Конституцияны қолдау үшін бірікті – «Халықтың Ата Заңы» халық әнұраны
285
Оқушылар сарайында Конституция жобасы талқыланды
73
«Келет» АҚ ұжымы Халықтық Конституция жобасын қолдайды
45
Жаңа Конституция жобасы медицина қызметкерлерінің құқығын қорғайды
73
Ауыл тұрғындары жаңа Конституцияны қолдады
49
Астанада жаңа Конституцияны қолдауға арналған Open Air концерті мен әсерлі дрон-шоу өтті
59
Жалғасуда – жалғасып келеді
69
Бөріхан Нұрмұхамедов, саясаттанушы: Нормалар әділ қолданылса, сенім артады
59
Шымкентте футбол мерекесі аясында ауқымды насихат жұмысы ұйымдастырылды
65
Жаңа Конституция туралы ашық әңгіме Ақсуда жалғасты
59
Өңірлердің дербестігін кеңейту инвестициялар мен кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдай жасайтынын атап өтті
49
Әрбір азаматтың ел болашағына қатысты өз пікірін білдіретін маңызды мүмкіндік
60
Жаңа Ата заң: Құқықтық реформалар азаматтардың қорғау ісіне тың серпін береді
64
Ата заң жобасында ұсынылған идеялар көптің көңілінен шықты
49
Жаңа Конституция төңірегіндегі ашық диалог
62
Астанадағы MEGA Silk Way сауда орталығында «Бақыт деген» музыкалық флешмобы өтті
455
Динара Сәтжан астаналық белсенді жастармен кездесті
67
Бүгін әрбір адам өз құқықтарының нақты қорғалатынын сезінуі маңызды
53
Жаңа Конституцияда басты назар адам құқықтары мен бостандықтарына аударылып отыр
61
Қостанайда студенттермен жаңа Конституция жобасы талқыланды
56
Медицина қызметкерлерімен референдум жайы талқыланды
57
«Жаңа Конституция – жарқын болашақ»: Атырауда Ата Заңды қолдауға бағытталған гала-концерт ұйымдастырылды
52
Кентаулық энергетиктер Қуатты Қазақстанды таңдады
60
Еңбек адамы – мемлекеттің басты құндылығы
79
Денсаулық құқығы – әділ және тең қолжетімді медицина
82