Қаз
Қазақстандықтардың басым бөлігі жаңа Конституцияны қолдайды – Коалиция

Астанадағы Президенттік орталықта «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының қорытынды отырысы өтті. Іс-шараға саяси партиялардың өкілдері, қоғамдық ұйымдар, Парламент депутаттары, сарапшылар және қоғамдық пікір көшбасшылары қатысты. Республикалық референдум қарсаңындағы кездесуге қатысушылар түсіндіру жұмысын қорытындылап, қоғам тарапынан жаңа Конституция жобасына жоғары деңгейде қолдау көрсетілгенін атап өтті.

Іс-шарада Парламент Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева және өзге де азаматтар сөз сөйледі.

Отырысты ашқан Жалпыұлттық коалиция жетекшісі Ерлан Қошанов алдағы референдумның тарихи маңызын атап өтіп, мемлекет пен қоғам дамуының жаңа кезеңі басталатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, Коалиция мүшелері еліміздегі қалалар мен ауылдардың барлық дерлігін аралап, миллиондаған азаматпен кездескен кезде ең негізгі дүниені байқады – қазақстандықтар жаңа Конституция құндылықтарын қолдайды және ел болашағын осы құжатпен байланыстырады.

«Біз жаңа Ата заңмен жаңа дәуірге қадам басқалы отырмыз. Бұл – мыңдаған жылдық тарихтың тынысы сезіліп тұрған Конституция. Жастардың рухы жалындап тұрған Конституция. Халықтың үні жаңғырып тұрған Конституция. Жаңа Конституцияда Президенттің өзіндік қолтаңбасы, өмірлік ұстанымы мен реформаторлық стилі айқын аңғарылып тұр. Мемлекет басшысы бар білімін, мол тәжірибесін, бүкіл күш-жігерін еліне, халқының болашағына арнап келе жатқанын айтуға тиіспіз», – деді ол.

Ерлан Қошанов Жалпыұлттық коалицияның барша мүшесіне, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, кәсіподақтардың өкілдеріне, белсенді жастар мен волонтерлерге атқарған жұмыстары үшін алғысын білдірді. Аз уақытта тұтас ел аумағында ондаған мың іс-шара өткізіліп, миллиондаған азамат қамтылды. Коалиция мүшелері түрлі мамандық иелерімен және әлеуметтік топтардың өкілдерімен – шахтерлермен, металлургтермен, студенттермен, ғалымдармен, дәрігерлермен, мұғалімдермен, кәсіпкерлермен, жастармен, IT саласының мамандарымен, мәдениет және өнер қайраткерлерімен бірқатар кездесу өткізді. Шалғай ауылдарда, еңбек ұжымдарында, жоғары оқу орындарында, ауруханаларда, мектептерде, шахталар мен зауыттарда да мазмұнды әрі ашық жүздесулер өтті. Барлық кездесу барысында азаматтар жаңа Конституция нормалары жөнінде ашық пікір білдіріп, белсенді түрде сұрақ қойып, өз ойларымен бөлісті.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өңірлерде өткен кездесулерде азаматтардың басым бөлігі жаңа Конституцияны қолдап отырғанын жеткізді.

«Бұл қолдаудың өзегі – қарапайым азаматтардың Мемлекет басшысына және оның бастамасымен жүзеге асырылып жатқан өзгерістерге деген үміті мен сенімі. Яғни, еліміздегі өзгерістердің басты тірегі – халықтың сенімі. Егер, халық билікке сенбесе, Президентке арқа сүйемесе, реформаларды жүзеге асыру да, оларды тіпті бастау да қиын болатын еді. Қарапайым азаматтардың сенімі мен халықтың қолдауы бізге осындай жүйелі, терең өзгерістерді жүзеге асыруға күш беріп отыр», – деді Ерлан Қарин.

Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жаңа Конституция кешегі күннің тағлымын бүгінгі таңның өнегесімен жалғайтын жасампаз қадам. Оның айтуынша, жаңа Ата Заңда Қазақстан дамуының Тәуелсіздік пен теңдік, заң мен тәртіп, әділдік пен бірлік сынды негізгі қағидаттары көрініс тапты. Ол жаңа Конституция қабылдау қадамы азаматтардың болашаққа деген сенімін нығайтудың берік негізіне айналатынын және Қазақстанды жасанды интеллект дәуірінде заманауи, жоғары технологиялық мемлекет ретінде ілгерілетуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Отырысқа қатысушылар атап өткендей, еліміздің барлық өңірде азаматтар Ата Заң жобасынан өздері үшін маңызды әрі жанына жақын нормаларды, олардың мүдделері мен құқықтарын қорғайтын ережелерді көретінін мәлімдеді. Әсіресе «адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» қағидатын бекітетін, сондай-ақ адам капиталын дамытуға, ғылымды, инновацияларды, білім мен мәдениетті қолдауға бағытталған жаңа нормалар кең қолдау тапты. Әділдік идеялары, Заң және Тәртіп, Таза Қазақстан, Адал Азамат қағидаттары, Ұлы Даланың мыңжылдық тарихының сабақтастығын сақтау туралы бастамалар да ел азаматтарының көңілінен шығып, халықтың ойымен ұштасты. Бұл қағидаттар Конституцияның преамбуласында айқындалып, құжаттың барлық бабының өзегіне айналды. Мемлекет басшысы оларды уақтылы ұсынып, жаңа құжат қоғамды ұйыстырды және мемлекеттің алдағы дамуына қажет берік құқықтық негізге айналды.

Сондай-ақ Коалиция Президент саясатына және жаңа Конституцияға қолдау көрсету мақсатында еліміздегі қоғамдық-саяси бірлестіктерді біріктірген біртұтас күшке айналғаны ерекше атап өтілді. Оның құрамына бес саяси партия және шамамен 300 қоғамдық ұйым кірді. Олар шамамен 5 миллион қазақстандық азаматтың мүддесін білдірді. Бұл қоғамдағы түрлі институттың күш-жігерін еліміздің жарқын болашағы жолында ашық әрі мазмұнды жалпыұлттық диалог жүргізу сынды маңызды мемлекеттік міндет төңірегінде топтастыруға мүмкіндік берді.

Іс-шара барысында Мәжіліс депутаттары Асхат Аймағамбетов, Ирина Смирнова, Жанарбек Әшімжанов, Екатерина Смолякова, мемлекет және қоғам қайраткері Жақсыбек Құлекеев, «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қорының президенті Қарлығаш Жаманқұлова, Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Аят Сүгірбай, журналист Нұрбек Матжани сөз сөйледі.

Отырыс соңында қатысушылар Коалиция жұмысы мұнымен аяқталмайтынын атап өтті. Конституцияны қабылдау – ел тарихындағы жаңа кезеңнің бастамасы. Коалиция құрамына енген барлық ұйым Ата Заңдағы жаңашыл нормаларды жүзеге асыру жұмысын жалғастырып, олардың мәнін және қоғамға беретін мүмкіндіктерін азаматтарға терең түсіндіруге атсалысады. Коалиция мүшелері барша қазақстандықты алдағы референдумға қатысуға шақырып, әр азаматтың дауысы мемлекет болашағына және Әділетті әрі Прогрессивті Қазақстанның дамуына ықпал ететінін атап өтті. 

Жаңалықтар көбірек:
Қазақстанда жаңа Конституция жобасын түсіндіру науқаны аясында 23 мыңнан астам кездесу өтті
17
Сыр өңірінде жаңа Конституция жобасын қолдауға бағытталған Open air-ге 20 мыңға жуық адам жиналды
15
Жаңа Ата заң: Мәжіліс депутаттары көлік кәсіпорындарының қызметкерлерімен Конституция жобасын талқылады
19
Жалпыұлттық коалиция: Қызылордада кәсіпкерлермен жаңа Конституция жобасы талқыланды
16
Жаңа Конституцияны танытудың жаңа форматы – JEBE Quiz
22
Жастар – Жаңа Қазақстанның қозғаушы күші
20
Жастар және Конституция: Астанада Talks форматында ашық диалог өтті
19
Қазақстандықтардың басым бөлігі жаңа Конституцияны қолдайды – Коалиция
75
Ұлытауда жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті
23
Референдум - демократиялық қоғамның маңызды көрсеткіші
32
«Саран» шахтасының кеншілері Конституцияда бекітілген азаматтық жауапкершілік идеясын қолдайды
17
Көне Тараздағы әуенге толы жастар кеші
16
«Негізгі заңды жетілдіру қоғамның дамуын көрсетеді» – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясында кездесу өтті
19
Ұстаздар қауымымен кездесті
18
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында сөз сөйледі
39
Жамбыл облысында жалпыхалықтық коалиция мүшелері жастармен кездесті
18
Nazarbayev University-де жаңа Конституция жобасы талқыланды
55
«Барыс Аренада» жаңа Конституция жобасы түсіндірілді
30
Қоғамдағы әділдік қағидаттарын нығайтуға бағытталған
37
Жаңа заң жобасы - әрбір азаматтың лайықты өмірінің кепілі
20
Референдум-2026: Шымкентте медицина қызметкерлерімен Конституция жобасы талқыланды
20
Жалпыұлттық коалиция Сыртқы істер министрлігі ұжымымен кездесу өткізді
24
«Конституция – басты бағдар» – «Теплотранзит» алаңында мазмұнды кездесу өтті
25
1000 қатысушыны біріктірген форум: Халықтық Конституцияны қолдау
39
Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ұжымымен кездесті
35
Еңбек адамының құқығы мен отбасы құндылығы – жаңа Конституцияда
20
Әйелдер көшбасшылығы – қоғам дамуының қозғаушы күші
27
Астанада жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері сараптамалық платформада талқыланды
67
Абай облысында кәсіпорын ұжымымен Конституция жобасы талқыланды
42
Жаңа Конституция – құқықтық жүйе мен қоғам дамуының негізі
73
Кәсіпкерлікті қолдау мен азамат құқығы: Қонақүй саласы өкілдерімен мазмұнды кездесу
32
Конституциялық реформа Парламенттің саяси салмағын арттырады – Нұрлан Бекназаров
61
Коалиция мүшелері Семей аяқ киім фабрикасының еңбек ұжымымен кездесті
42
Дүкен қызметкерлері мен тұтынушыларына жаңа Конституция жобасы таныстырылды
39
Логистика саласының мамандары жаңа Конституцияны қолдады
32
Жалпыұлттық коалиция өкілдері ЖЭО-2 ұжымымен кездесті
31
Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелеріне жаңа конституция жобасы түсіндірілді
42
«Раяна гүлдер әлемі» жылыжайының еңбеккерлер ассамблеясы «Референдумға – иә!» акциясын өткізді
33
Тәжіктердің республикалық этномәдени орталығы конституциялық реформаны қолдады
32
STEM Academia-да отбасы, еңбек және білім мәселелері көтерілді
37
Қазақстанның энергетиктер қауымдастығы елдің жаңа Негізгі Заңын қолдайтынын мәлімдеді
46
Азаматтардың құқығы мен бостандығы – ең қастерлі құндылық
62
Сәтбаев қаласының педагогикалық қауымдастығы конституциялық реформаны және алдағы референдумды қолдады
39
Қазалы ауданының тұрғындары Ата Заң жобасын қолдайтындарын жеткізді
44
Аида Балаева: Конституцияның авторы – бүкіл халық, демек, бәріміздің ортақ жауапкершілігіміз бар
58
«Қазгидромет» ұжымымен халықтық Конституция талқыланды
32
Референдум-2026: халықтың еркін білдіретін маңызды демократиялық тетік
39
Ақмола облысының педагогтері жаңа Конституцияны қолдайды
54
Шымкентте Өзбек драма театрының ұжымымен референдум мәселелері талқыланды
38
Адам капиталына баса мән беріледі
41
Конституциялық өзгерістер – қоғам сұранысынан туындаған қадам 
39
Музей ұжымымен Конституцияның жаңа жобасы талқыланды
36
Астаналық құрылыс саласының өкілдері жаңа Конституциясы жобасын қолдайды
37
Жаңа Конституция – ел дамуының жаңа кезеңіне жасалған қадам
54
Жаңа Ата заң: Жергілікті өзін-өзі басқару қызметі заңмен реттеледі
32
«Жасампаз қоғам болуымызға жетелейтін құндылықтарды өркендеуіміздің бағдары етіп белгіледік»
35
Еңбек адамының мүддесі басты назарда: Коалиция өкілдері «Тәп-тәтті» ұжымымен кездесті
45
«Семей Инжиниринг» АҚ ұжымы жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
51
Жезқазғанда Жалпыұлттық коалиция мүшелері «Kazkat» кәсіпорнының ұжымымен жаңа Конституция жобасын талқылады
61
Алматы облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған жұлдызды футбол матчы өтті
39
Аида Балаева: Конституция сөз бостандығына кепілдік береді және цензураға тыйым салады
61
Жетісуда «Есіктен есікке» акциясы жалғасуда
44
Қарағанды облысының әкімі референдум қарсаңында өңір тұрғындарына үндеу жасады
49
Медицина қызметкерлері референдумға қатысады
58
«Қазақстанды қуатты, өркендеген, әділетті және жасампаз елге айналдыра аламыз»
68
Медицина мамандары үшін сенімділік пен тұрақтылықтың негізін қалыптастырады
59
Жаңа Конституция жобасы бойынша AI-платформа таныстырылды
357
Мұнай-газ колледжінің студенттері конституциялық реформаларды талқылады
50
Референдумға қатысу – ел болашағы үшін жауапкершіліктің маңызды көрінісі
53
Жамбылдық ұстаздар референдумның маңызын талқылады
56
Коалиция мүшелері мұғалімдерге Конституция жобасын таныстырды
61
Ұстаздар қауымы конституциядағы өзгерістерді талқылады
63
Бұл – мықты қоғам қалыптастырудың басты шарты
57
Жаңа Конституция – халыққа арнап жасалған құжат
101
Өңірлік коалиция мүшелері Жәнібек ауданы жұртшылығымен кездесті
46
Қазақстан эстрадасының жұлдыздары жаңа Конституцияны қолдау үшін бірікті – «Халықтың Ата Заңы» халық әнұраны
285
Оқушылар сарайында Конституция жобасы талқыланды
73
«Келет» АҚ ұжымы Халықтық Конституция жобасын қолдайды
45
Жаңа Конституция жобасы медицина қызметкерлерінің құқығын қорғайды
73
Ауыл тұрғындары жаңа Конституцияны қолдады
49
Астанада жаңа Конституцияны қолдауға арналған Open Air концерті мен әсерлі дрон-шоу өтті
59
Жалғасуда – жалғасып келеді
69
Бөріхан Нұрмұхамедов, саясаттанушы: Нормалар әділ қолданылса, сенім артады
59
Шымкентте футбол мерекесі аясында ауқымды насихат жұмысы ұйымдастырылды
65
Жаңа Конституция туралы ашық әңгіме Ақсуда жалғасты
59
Өңірлердің дербестігін кеңейту инвестициялар мен кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдай жасайтынын атап өтті
49
Әрбір азаматтың ел болашағына қатысты өз пікірін білдіретін маңызды мүмкіндік
60
Жаңа Ата заң: Құқықтық реформалар азаматтардың қорғау ісіне тың серпін береді
64
Ата заң жобасында ұсынылған идеялар көптің көңілінен шықты
49
Жаңа Конституция төңірегіндегі ашық диалог
62
Астанадағы MEGA Silk Way сауда орталығында «Бақыт деген» музыкалық флешмобы өтті
455
Динара Сәтжан астаналық белсенді жастармен кездесті
67
Бүгін әрбір адам өз құқықтарының нақты қорғалатынын сезінуі маңызды
53
Жаңа Конституцияда басты назар адам құқықтары мен бостандықтарына аударылып отыр
61
Қостанайда студенттермен жаңа Конституция жобасы талқыланды
56
Медицина қызметкерлерімен референдум жайы талқыланды
57
«Жаңа Конституция – жарқын болашақ»: Атырауда Ата Заңды қолдауға бағытталған гала-концерт ұйымдастырылды
52
Кентаулық энергетиктер Қуатты Қазақстанды таңдады
60
Еңбек адамы – мемлекеттің басты құндылығы
79
Денсаулық құқығы – әділ және тең қолжетімді медицина
82