«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Павлодар мұнай-газ колледжінің оқытушыларымен және жоғары курс студенттерімен кездесу өткізді.
Диалог алаңында педагогтер мен саланың болашақ мамандары конституциялық реформалардың негізгі мәселелері және олардың кәсіптік білім беру жүйесі үшін практикалық маңызы төңірегінде сөз қозғады.
Білім алу құқығына кепілдік беру, техникалық мамандықтарды қолдау, жас мамандарды әлеуметтік қорғау және олардың өңірде өз кәсіби қабілет-қарымын жүзеге асыруы үшін жағдай жасау сияқты жастарға маңызды тақырыптар көтерілді.
Кездесуге қатысушылар Ата заңның жаңа нормалары арнаулы орта білім берудің рөлін күшейтетінін және мамандарды даярлау сапасына мемлекеттің жауапкершілігін бекітетінін атап өтті.
Студенттер жұмысқа орналасу перспективалары мен жастарды қолдау шаралары туралы сұрақтар қойып, әңгімеге белсенді қатысты. Кездесу ашық атмосферада өтті және жас ұрпақтың қоғамдық-саяси процестерге және елдің болашағына деген жоғары қызығушылығын растады.

