Қаз
Жезқазғанда Жалпыұлттық коалиция мүшелері «Kazkat» кәсіпорнының ұжымымен жаңа Конституция жобасын талқылады

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалиция мүшелерінің Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында Жезқазған қаласындағы Kazakhmys Smelting компаниясына қарасты Kazkat зауытының алаңында кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездесу өтті. Өңірге келген коалиция мүшелері жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері және 15 наурызда өтетін республикалық референдумның маңызы туралы баяндады. Делегацияны Премьер-министрдің орынбасары – ҚР Мәдениет және ақпарат министрі, коалиция төрағасының орынбасары Аида Балаева бастап келді. Сондай-ақ кездесуге ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжол Әлтай, мемлекет және қоғам қайраткері, заңгер Серік Ақылбай, Қазақстанның білім беру жүйесінің қайраткері Нұрлан Дулатбеков және мемлекет және қоғам қайраткері Әбілғазы Құсайынов қатысты.

Кәсіпорын еңбек ұжымының алдында сөз сөйлеген Аида Балаева жаңа Конституция жобасының негізгі қағидаты – адам құқықтары мен бостандықтары, сондай-ақ қауіпсіздігі екенін атап өтті. Сонымен қатар құжатта жұмысшылардың құқықтарын қорғау кепілдіктері күшейтілетінін айтты.

«Конституцияның өзегінде адам, оның құқықтары, бостандықтары және қауіпсіздігі тұрады. Өнеркәсіп саласы үшін еңбек ұжымдарына тікелей қатысты нормалар ерекше маңызды. Негізгі заң еңбек ету құқығын, қауіпсіз еңбек жағдайын және кемсітусіз әділ еңбекақы алуды бекітеді. Бұл нормалар өндірістегі жарақаттану деңгейін азайтуға және қызметкерлердің денсаулығын сақтауға бағытталған. Демек, еңбек жағдайына қатысты жұмыс беруші мен мемлекеттің жауапкершілігі ең жоғары деңгейде – Конституцияда бекітіледі. Заң үстемдігі қағидаты орныққан елде тұрақтылық артып, тәуекелдер азаяды және ертеңгі күнге сенім күшейеді. Ал бұл өз кезегінде кәсіпорындардың дамуына және жұмысшылардың отбасыларының әл-ауқатын жақсартуға жаңа мүмкіндіктер береді», – деді Аида Балаева.

Кездесу барысында қатысушылар ірі өндірістік ұжымдар үшін конституциялық реформаның тек саяси оқиға ғана емес, сонымен қатар жұмысшылардың күнделікті өмірімен, кәсіпорындардың тұрақтылығымен, еңбек құқықтарының қорғалуымен және ертеңгі күнге деген сеніммен тығыз байланысты шешім екенін атап өтті. Сондықтан да талқылау барысында қауіпсіз еңбек жағдайы, әділ еңбекақы, заң үстемдігі, азаматтардың құқықтарын қорғау және мемлекеттік шешімдердің болжамдылығы туралы нормаларға ерекше назар аударылды.

Кездесуде мемлекеттік-қоғамдық, ғылыми және сарапшылар қауымдастық өкілдері де сөз сөйледі. Олар өз баяндамаларында жаңа Конституция жобасының құқықтық маңызын, оның әділдік пен заңдылық қағидаттарын нығайтудағы рөлін, сондай-ақ референдумға азаматтардың саналы түрде қатысуының халық еркін тікелей білдіру тетігі ретіндегі маңызын атап өтті.

«1995 жылғы Конституция мүлде басқа жағдайда қабылданды. Ол кезде ел күрделі қалыптасу кезеңінен өтіп, бұрынғы экономикалық байланыстар үзіліп жатқан еді. Бүгінде Қазақстан – қалыптасқан мемлекет. Сондықтан жаңа Конституция – кездейсоқ қадам емес, қазіргі өзгерген жағдай мен дамудың жаңа міндеттеріне берілген жауап. Ең маңыздысы, жоба ашық түрде әзірленді: оған отандық ғалымдар, заңгерлер, сарапшылар қатысып, азаматтардың мыңдаған ұсынысы ескерілді. Бұл құжаттың шын мәнінде халықтық сипатқа ие екенін және оның мазмұны қоғам сұранысына, тарихи тәжірибеге және елдің болашағына арналған стратегиялық көзқарасқа негізделгенін көрсетеді», – деді Серік Ақылбай.

Басқа қатысушылар да жаңа Конституция жобасы қоғамның әділ нормаларға деген сұранысын, әлеуметтік кепілдіктерді күшейтуді, еңбек адамын қорғауды және мемлекет пен жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыруды көздейтінін атап өтті.

Кәсіпорын ұжымы атынан Kazkat зауытының қызметкері Алтынай Алпамысова сөз сөйлеп, еңбек адамы өндірістік механизмнің бір бөлігі ретінде емес, мемлекеттің тірегі және ең басты құндылығы ретінде қабылдануы тиіс екенін айтты.

«Жас жұмысшы ретінде жаңа Конституция еңбек адамына тек сенімділік қана емес, сонымен бірге үлкен жауапкершілік жүктейді деп есептеймін. Құжатта адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең жоғары құндылығы екені нақты көрсетілген. Бұл біз үшін жұмысшы адам өндіріс үдерісінің жай ғана қатысушысы емес, экономиканың негізі және ел болашағының маңызды бөлігі екенін білдіреді. Біз адал еңбегімізбен елімізді дамытуға өз үлесімізді қосып  жатырмыз, ал мемлекет біздің құқықтарымызды, қадір-қасиетімізді және қауіпсіздігімізді қорғауы тиіс. Сондықтан баршаңызды референдумға қатысып, жаңа Қазақстанды бірге құруға шақырамын», – деді Алтынай Алпамысова.

Кездесу соңында кәсіпорын қызметкерлері конституциялық реформаны қолдайтындарын білдіріп, алдағы республикалық референдумға қатысудың маңызын атап өтті. 

Жаңалықтар көбірек:
Қазақстанда жаңа Конституция жобасын түсіндіру науқаны аясында 23 мыңнан астам кездесу өтті
17
Сыр өңірінде жаңа Конституция жобасын қолдауға бағытталған Open air-ге 20 мыңға жуық адам жиналды
15
Жаңа Ата заң: Мәжіліс депутаттары көлік кәсіпорындарының қызметкерлерімен Конституция жобасын талқылады
19
Жалпыұлттық коалиция: Қызылордада кәсіпкерлермен жаңа Конституция жобасы талқыланды
16
Жаңа Конституцияны танытудың жаңа форматы – JEBE Quiz
22
Жастар – Жаңа Қазақстанның қозғаушы күші
20
Жастар және Конституция: Астанада Talks форматында ашық диалог өтті
19
Қазақстандықтардың басым бөлігі жаңа Конституцияны қолдайды – Коалиция
75
Ұлытауда жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті
23
Референдум - демократиялық қоғамның маңызды көрсеткіші
32
«Саран» шахтасының кеншілері Конституцияда бекітілген азаматтық жауапкершілік идеясын қолдайды
17
Көне Тараздағы әуенге толы жастар кеші
16
«Негізгі заңды жетілдіру қоғамның дамуын көрсетеді» – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясында кездесу өтті
19
Ұстаздар қауымымен кездесті
18
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында сөз сөйледі
39
Жамбыл облысында жалпыхалықтық коалиция мүшелері жастармен кездесті
18
Nazarbayev University-де жаңа Конституция жобасы талқыланды
55
«Барыс Аренада» жаңа Конституция жобасы түсіндірілді
30
Қоғамдағы әділдік қағидаттарын нығайтуға бағытталған
37
Жаңа заң жобасы - әрбір азаматтың лайықты өмірінің кепілі
20
Референдум-2026: Шымкентте медицина қызметкерлерімен Конституция жобасы талқыланды
20
Жалпыұлттық коалиция Сыртқы істер министрлігі ұжымымен кездесу өткізді
24
«Конституция – басты бағдар» – «Теплотранзит» алаңында мазмұнды кездесу өтті
25
1000 қатысушыны біріктірген форум: Халықтық Конституцияны қолдау
39
Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ұжымымен кездесті
35
Еңбек адамының құқығы мен отбасы құндылығы – жаңа Конституцияда
20
Әйелдер көшбасшылығы – қоғам дамуының қозғаушы күші
27
Астанада жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері сараптамалық платформада талқыланды
67
Абай облысында кәсіпорын ұжымымен Конституция жобасы талқыланды
42
Жаңа Конституция – құқықтық жүйе мен қоғам дамуының негізі
73
Кәсіпкерлікті қолдау мен азамат құқығы: Қонақүй саласы өкілдерімен мазмұнды кездесу
32
Конституциялық реформа Парламенттің саяси салмағын арттырады – Нұрлан Бекназаров
61
Коалиция мүшелері Семей аяқ киім фабрикасының еңбек ұжымымен кездесті
42
Дүкен қызметкерлері мен тұтынушыларына жаңа Конституция жобасы таныстырылды
39
Логистика саласының мамандары жаңа Конституцияны қолдады
32
Жалпыұлттық коалиция өкілдері ЖЭО-2 ұжымымен кездесті
31
Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелеріне жаңа конституция жобасы түсіндірілді
42
«Раяна гүлдер әлемі» жылыжайының еңбеккерлер ассамблеясы «Референдумға – иә!» акциясын өткізді
33
Тәжіктердің республикалық этномәдени орталығы конституциялық реформаны қолдады
32
STEM Academia-да отбасы, еңбек және білім мәселелері көтерілді
37
Қазақстанның энергетиктер қауымдастығы елдің жаңа Негізгі Заңын қолдайтынын мәлімдеді
46
Азаматтардың құқығы мен бостандығы – ең қастерлі құндылық
62
Сәтбаев қаласының педагогикалық қауымдастығы конституциялық реформаны және алдағы референдумды қолдады
39
Қазалы ауданының тұрғындары Ата Заң жобасын қолдайтындарын жеткізді
44
Аида Балаева: Конституцияның авторы – бүкіл халық, демек, бәріміздің ортақ жауапкершілігіміз бар
58
«Қазгидромет» ұжымымен халықтық Конституция талқыланды
32
Референдум-2026: халықтың еркін білдіретін маңызды демократиялық тетік
39
Ақмола облысының педагогтері жаңа Конституцияны қолдайды
54
Шымкентте Өзбек драма театрының ұжымымен референдум мәселелері талқыланды
39
Адам капиталына баса мән беріледі
41
Конституциялық өзгерістер – қоғам сұранысынан туындаған қадам 
39
Музей ұжымымен Конституцияның жаңа жобасы талқыланды
36
Астаналық құрылыс саласының өкілдері жаңа Конституциясы жобасын қолдайды
37
Жаңа Конституция – ел дамуының жаңа кезеңіне жасалған қадам
54
Жаңа Ата заң: Жергілікті өзін-өзі басқару қызметі заңмен реттеледі
32
«Жасампаз қоғам болуымызға жетелейтін құндылықтарды өркендеуіміздің бағдары етіп белгіледік»
35
Еңбек адамының мүддесі басты назарда: Коалиция өкілдері «Тәп-тәтті» ұжымымен кездесті
45
«Семей Инжиниринг» АҚ ұжымы жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
51
Жезқазғанда Жалпыұлттық коалиция мүшелері «Kazkat» кәсіпорнының ұжымымен жаңа Конституция жобасын талқылады
61
Алматы облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған жұлдызды футбол матчы өтті
39
Аида Балаева: Конституция сөз бостандығына кепілдік береді және цензураға тыйым салады
61
Жетісуда «Есіктен есікке» акциясы жалғасуда
44
Қарағанды облысының әкімі референдум қарсаңында өңір тұрғындарына үндеу жасады
49
Медицина қызметкерлері референдумға қатысады
58
«Қазақстанды қуатты, өркендеген, әділетті және жасампаз елге айналдыра аламыз»
68
Медицина мамандары үшін сенімділік пен тұрақтылықтың негізін қалыптастырады
59
Жаңа Конституция жобасы бойынша AI-платформа таныстырылды
357
Мұнай-газ колледжінің студенттері конституциялық реформаларды талқылады
50
Референдумға қатысу – ел болашағы үшін жауапкершіліктің маңызды көрінісі
53
Жамбылдық ұстаздар референдумның маңызын талқылады
56
Коалиция мүшелері мұғалімдерге Конституция жобасын таныстырды
61
Ұстаздар қауымы конституциядағы өзгерістерді талқылады
63
Бұл – мықты қоғам қалыптастырудың басты шарты
57
Жаңа Конституция – халыққа арнап жасалған құжат
101
Өңірлік коалиция мүшелері Жәнібек ауданы жұртшылығымен кездесті
46
Қазақстан эстрадасының жұлдыздары жаңа Конституцияны қолдау үшін бірікті – «Халықтың Ата Заңы» халық әнұраны
285
Оқушылар сарайында Конституция жобасы талқыланды
73
«Келет» АҚ ұжымы Халықтық Конституция жобасын қолдайды
45
Жаңа Конституция жобасы медицина қызметкерлерінің құқығын қорғайды
73
Ауыл тұрғындары жаңа Конституцияны қолдады
49
Астанада жаңа Конституцияны қолдауға арналған Open Air концерті мен әсерлі дрон-шоу өтті
59
Жалғасуда – жалғасып келеді
69
Бөріхан Нұрмұхамедов, саясаттанушы: Нормалар әділ қолданылса, сенім артады
59
Шымкентте футбол мерекесі аясында ауқымды насихат жұмысы ұйымдастырылды
65
Жаңа Конституция туралы ашық әңгіме Ақсуда жалғасты
59
Өңірлердің дербестігін кеңейту инвестициялар мен кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдай жасайтынын атап өтті
49
Әрбір азаматтың ел болашағына қатысты өз пікірін білдіретін маңызды мүмкіндік
60
Жаңа Ата заң: Құқықтық реформалар азаматтардың қорғау ісіне тың серпін береді
64
Ата заң жобасында ұсынылған идеялар көптің көңілінен шықты
49
Жаңа Конституция төңірегіндегі ашық диалог
62
Астанадағы MEGA Silk Way сауда орталығында «Бақыт деген» музыкалық флешмобы өтті
455
Динара Сәтжан астаналық белсенді жастармен кездесті
67
Бүгін әрбір адам өз құқықтарының нақты қорғалатынын сезінуі маңызды
53
Жаңа Конституцияда басты назар адам құқықтары мен бостандықтарына аударылып отыр
61
Қостанайда студенттермен жаңа Конституция жобасы талқыланды
56
Медицина қызметкерлерімен референдум жайы талқыланды
57
«Жаңа Конституция – жарқын болашақ»: Атырауда Ата Заңды қолдауға бағытталған гала-концерт ұйымдастырылды
52
Кентаулық энергетиктер Қуатты Қазақстанды таңдады
60
Еңбек адамы – мемлекеттің басты құндылығы
79
Денсаулық құқығы – әділ және тең қолжетімді медицина
82